Үндеу жариялады
Әр мемлекеттің тағдыршешті мәселесі болады. Бүгінгі таңда бұл біз үшін АЭС салу мәселесі. Бұл шешім біздің технологиялық және өндірістік дамуымызға қарай қадам басуымызды айқындайтын қадам болмақ. Бізге де енді бейбіт атомның игілігін пайдаланып, ұлтымыздың дамуына жол ашатын уақыт келді деп есептейді «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің өкілдері. Өз қолдауларын олар үндеу жариялау арқылы білдірді. Үндеуде былай делінген: Біз, Қызылорда халықаралық «Невада – Семей» қозғалысы облыстық бірлестігінің мүшелері Президентіміздің ұсынысын қолдаймыз және Атом электр станциясын салу еліміз үшін өте маңызды деп білеміз!!! Біз, Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген «Атом солдаттары», әскери мақсаттағы атом мен бейбіт атомның аражігін жақсы түсінеміз және атом электр станциясын салу елімізді энергетикалық тәуелділіктен арылтады деп қабылдаймыз. Біз, елімізде атом электр станциясының салынуын қолдау, бұл тұрақты болашаққа деген ұмтылыс пен энергетикалық және экологиялық шешімдердің заманауи жолы деп білеміз, - деді қозғалыс мүшелері. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/