Suivant

ҰБТ: Қызылордалық түлек 136 балл жинады

20/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Мектеп бітірушілердің білімін таразылайтын Ұлттық біріңғай тестілеу сынағында қызылордалық Жасұлан Есен ең жоғарғы көрсеткіш - 136 балды жинады. Ол Ыбырай ұлттық мектебінің түлегі. Аталған білім ордасында ұстаздар мен ата-ана үмітін тек Жасұлан ғана емес басқа да түлектері толық ақтады. Ал, көптің ішінен дара шыққан Жасұлан Есенге 1 млн теңге қаржылай сертификат табысталды. Физика-математика пәнін таңдаған түлек педагог болуды армандайды. Жалпы аймағымыз бойынша биыл 8 240 оқушы мектеп бітірсе, оның 89,7 пайызы яғни, 7 391 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге жолдама алған. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant