Ұлттық киімдер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті
"Сыбаға" фестивалі аясында ұлттық киімдер және қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Шараға келген Ақтөбе, Алматы, Ақтау қалаларының ісмерлері көпшіліктің назарына өз бұйымдарын ұсынды. Зергерлердің қолынан шыққан әсем әшекейлер, жадағай шапандар, киізден жасалған кәдесыйлар, қазақтың ұлттық киімін киген қуыршақтар көздің жауын алады. Отандық дизайнерлердің туындалары "Дәуір дефилесі" атты сән көрсетілімінде таныстырылмақ. Сондай-ақ, қолөнер шеберлері өздерінің жұмыстарының жасалу ерекшеліктерін айтып, бір-бірімен тәжирибе алмасты. Фестивальге аймақ басшысы Асхат Шахаров қатысып, ауқымды жобаның мән-маңызына тоқталды. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews