Suivant

Ұлттық киімді ұлықтаған ұрпақ

15/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қазір қаладағы барлық мектепте үзіліс кезінде қоңырау орнына күй ойнайды. Енді білім ордалары біртіндеп ұлттық киім үлгісіне көше бастады. Мәселен, Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейінде ұстаздармен қатар 2400-дей оқушы сабаққа заманауи стильдегі шапан-қамзолмен келіп жүр. ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ // Ұлттық киім – ұлттың белгісі. Бірақ ою-өрнекпен, әшекей тастармен көмерілген киімді наурыз мейрамында ғана іздейтініміз рас. Бірақ, дәл осы мектеп құндылықтарды құнттауда ерекше екіпін беріп келеді. Ұстаздар мен шәкірттер жыл 12 ай ұлттық киімді үстінен тастаған емес. АЙГҮЛ ӨТКЕЛБАЕВА – Ә.МҮСІЛІМҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №101 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫ //Мектебімізде бір айдың көлемінде басталған дүние емес. Бала кішкентай кезінен бастап қазақи нақыштағы дүниелерді қазақы тарихты ұлттық тәрбиені біздің менталитетті мектеп жасынан біліп өсуі керек деген ниетпен осындай үрдісті енгіздік.// Ұстаздардың ұсынысы ә дегеннен қолдау тапқан. Ұлттық киімді бастапқыда бастауыштың балалары білім ошағына киіп келіпті. Кейін жоғары сыныптағы жеткіншектер қызығушылық білдірген. Қазір қай сыныпқа барсаң да балалар стильді костюм мен қамзол киіп, ұлттық киімді ұлықтап жүр. Тәрбие сағаттарында қазақы киімнің мән-маңызы, ою-өрнектің мағынасы, оған қоса, салт-санамыз, ұлттық мейрамдарымыз жайында кеңінен түсіндіріліп келеді. Ал мұғалімдер ұлттық киімнің классикалық киімнен ешқандай айырмасы жоқ дейді. Жұмыс істеуге де қолайлы екенін айтады. Осылайша, олар балаға біліммен қатар тәрбиенің де дәнін сеуіп жатыр. Бүгінде облыс орталығында 57 мемлекеттік мектеп бар. Онда үзіліс кезінде қоңырау орнына осындай күй ойнайды. Бұл жас ұрпақтың бойында рухани байлығымызды сіңіруге бағытталған бастама болатын. Енді соның жалғасы ұлттық нақышта өрнектелген киімдер болып отыр. Қазір қаладағы бірнеше мектеп қазақы киім үлгісіне көшіп үлгерген екен. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant