Suivant

ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҰЛЫҚТАҒАН БАСТАМА

26/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Елімізде ұлттық нақышта киіну сәнге айналып келеді. Бұл бастамаға өткен жылы бастау алған «Ұлттық сезім» жалпыұлттық флешмобы сеп. Дәстүрді дәріптеп, ұлттық киімнің сән-салтанатын көрсетуге арналған ауқымды шараны «Qyzylorda» телеарнасының ұжымы қолдай кетті. Аймақтық арна қызметкерлері күнделікті жұмысқа ұлттық үлгідегі киімдер мен дәстүрлі аксессуарларды жиі тағып келуді әдетке айналдыруда. Үлгілі бастама турасында тілшіміз тарқатады. «Ұлттық сезiм» – ұлттық киімнің сән-салтанатын көрсететін жалпыұлттық флешмоб. Бұл бастама әрбір азаматты қазақ мәдениетін насихаттауға, халықты біртұтас қоғамдастықтың бөлігі болуға және ұлттық бірегейлікті жандандыруға үлес қосуға шабыттандырады. Ізгілікті іс өткен жылы желтоқсан айында бастау алды. «Қызылорда» телеарнасы ұлттық рухқа дем берген бастамаға қолдау білдірді. Осылайша аймақ ақпаратының жаршылары аптасына бір күн жұмысқа ұлттық үлгідегі киім мен дәстүрлі аксессуарларды тағып келуді құп көріп отыр. Алғашында бір-екі маманның қызығушылығынан туындаған бастама бүгінде ұжымдық сипат ала бастады. Ата-баба дәстүрі мен тарихы арқылы елдің ұлттық брендін нығайтуды көздеген шараға аға буынмен қатар, жастар да белсене атсалысуда. Бүгінде «Qyzylorda» телеарнасында 70-ке жуық маман еңбек етеді. Берекелі ұжымның бұл бастамасын өзге өңірдегі әріптестеріміз де жалғай кетеріне сенім мол. ЕЛЖАС ӘБДІЛДА – ТІЛШІ /Ұлттық рухты ұлықтау бір реттік не бір күндік шарамен өлшенбейді. Сыр өңірі қашаннан қазақылықтың құтты ордасы. Сондықтан елдік іске енжар қарамай, құндылықты құнттауды қолға алып отырмыз. Аймақ арнасындағы айшықты бастама осының дәлелі/ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant