Suivant

Ұлттық рухтың қуаты, елдігіміздің мұраты - Республика күні

25/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Өнер орталығында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Айтулы іс-шарада Сыр елінің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан бір топ жерлесіміз мемлекеттік марапаттарға ие болды. Сыр елінің еңселі халқын облыс әкімі мемлекет өміріндегі маңызды дата - Республика күнімен құттықтады. Нұрлыбек Мәшбекұлы өз сөзінде осы жылдар ішінде қол жеткізген әрбір табысымыз өңір тұрғындарының жігерлі еңбегі мен мықты ауызбіршілігінің нәтижесі деп атап көрсетті Аймақ басшысы сондай-ақ, күні кеше Қазақстанның Еңбек Ері атанған жерлесіміз Асқар Жұмаділдаевтың абыройы - ортақ абырой екенін айрықша атап айтты. Ұлттық мерекеміз - Республика күні құрметіне үздік жетістіктерге жеткен, ел бірлігін нығайтуға елеулі үлес қосқан, жаңашылдыққа ұмтылған аймақ азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бір сөзбен айтқанда, еселі еңбектері бағаланды. Елге жасаған еңбек ескірмейді, қайта ел ішінде өзгелерге өнеге болады. Аға буынның сан жылдар бойы атқарған адал қызметі мен қоғам дамуына бағытталған қайраткерлік қабілеті дәл бүгін айрықша аталып өтті. Сыр елінің құрмет төрінде тұрар тұлғалары – Жарылқасын Шәріпов, Тұрғанбай Маханов, Нәжмадин Мұсабаев, Бейсен Қыдырбай және тағы да басқа есімдері елеулі азаматтар «Барыс», «Парасат» ордендерімен марапатталды. Құрмет төрінен көрінгендер қатарында асыраушы сала құрылысына жарты ғасырдан астам уақыт үлес қосқан азаматтар да бар: НҰРЛЫБАЙ ҰЛЫҚБАНҰЛЫ – ҚҰРЫЛЫСШЫ, «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ // Барлықтарыңызды «Республика күнімен» құттықтаймын. Маған «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады. 01-06 Мен 56 жыл ауылшаруашылығы саласында еңбек еттім. Қазалы ауданында, облыстық ауылшаруашылығы басқармасында жұмыс істегенім бар, қазіргі ардагерлер кеңесінің төрағасымын. Сондай-ақ, Сыр елінің өнері мен руханиятына еңбек сіңірген қадірлі тұлғалар қатарында белгілі қаламгерлер Оңталап Нұрмаханов пен Айткүл Шалғынбаева да бар. ОҢТАЛАП НҰРМАХАНОВ – АҚЫН-СЦЕНАРИСТ, «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ // Республика күні халқымыздың ел болғанынының күні, қасиетті мемлекет болған күні, Қазақ атын ұлықтап, туын көтеріп, байрағын желбіреткен күні. Осы мемлекеттің – ұланы, осы мемлекеттің – адамы болғанан кейін, елімізді, жерімізді, отанымызды сүйгендіктен, бұл мерекені айрықша ардақ тұтамыз. Адамның берген атағымен, құдайдың берген абыройының ортасында өмір сүріп жатқан жайымыз бар. Сондықтан атақ та, абырой да бола жатар, медаль елге деген еңсеңді көтеріп, мәртебемді көтеріп жатса, мен қуаныштымын. Әлім келгенше қазақ өнеріне, Сыр өнеріне қызмет ете берем. АЙТКҮЛ ШАЛҒЫНБАЕВА - ЖУРНАЛИСТ, «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ //Еліміздің ұлық меркесі – Республика күнімен бүкіл сыр елі халқын құттықтаймын. Осы бір мерейлі күні мемлекеттік наградаға ие болып жатырмыз. Теңізге тамған тамшыдай, осы еңбегіміздің бағаланғанын қуаныштымыз. Сыр елінің бүгінгідей дамуына куә болып жүргеніме, бір жағынан бақыттымын. Өйткені осы күндерге жету, көру, Сыр еленің алға озғанын көру бұл да бір – бақыт. Сондықтан мерейлі мереке күні баршаңызды құттықтай отырып. Сыр елінің үлкен бір мегаполиске айналарына сенемін. Салтанатты жиында бас-аяғы 50-ге жуық жерлестеріміз мемлекеттік марапаттың иесі болды. Мереке құрметіне рухани мазмұнға бай концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды. Елдігіміздің егемендігін ұлықтайтын, тәуелсіздіктің қайнарына айналған Республика күні Сыр елінде осылайша жоғары деңгейде аталып өтті. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant