Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыруды жандандыру керек – Президент
"Әлемдегі күрделі геосаяси ахуал экономикалық және әскери әлеуетті нығайтуды талап етеді". Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысында осылай деді. Ал ол үшін Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыратын әдіс-тәсілдерді жандандыру қажеттігін айтты. Жиында Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен бірқатар мемлекеттік органның басшылары баяндама жасады. Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлерді талдап, сақтықты күшейтуді тапсырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/