Suivant

Ұлттық құндылықтар насихатталды

02/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«Ұлттық құндылық – тәрбиенің қайнар көзі». Дәл осы тақырып аясында Тасбөгет кентіндегі бөбекжайда қалалық ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен әдістемелік семинар өтті. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады. Десек те тәлім-тәрбиенің іргетасы бөбекжайда қалыптасады. Сондықтан ұлттық құндылықтарды бала бойына шынашақтайынан сіңіру маңызды. Іс-шара «Ұлттық құндылықтар –сенімді бойтұмарымыз» атты театрландырылған музыкалық қойылыммен басталды. Бесікке салу, тұсаукесер дәстүрлерінен соң мектепалды даярлық тобында құрт, ірімшік сынды қазақтың ұлттық тағамдары әзірленді. Бүлдіршіндер тіпті жүн түтіп, текеметке ою салу, киіз басудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп таң-тамаша қылды. Ерекшелігі сол, мұның бәрі ойын түрінде түсіндіріліп, балалар асыр салып жарысып жүріп, ұлттық құндылықтарды бойына дарытты. МӨЛДІР ӨМІРАЛИЕВА – БӨБЕКЖАЙ- БАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ Бұл іс–шараның ұйытқысы болып отырған қалалық ардагерлер кеңесі қалалық білім бөлімі жанындағы ардагерлер кеңесінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Біздің балабақшада негізінде әкелер мектебі, аналар мектебі, әжелер мектебі тұрақты түрде жұмыс жасайды және сол жұмыстардың түрлерін осы бүгінгі іс–шарада енгізіліп отыр. Бөбекжайдағы көңілді іс-шаралар бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы кетпестей із қалдыратыны белгілі. Сондықтан мұндай шараларға ата-аналар да белсенді түрде атсалысады екен. ЕРКІН АЛИМОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Ұлттық құндылықты насихаттау мақсатында балабақшаның ұйымдастырып отқан әке мен бала арасындағы «Әке көрген оқ жанар» тақырыбында ұйымдастырылып отқан іс – шара келіп қатысуға келіп отырмыз. Осы балабақшадан өзімнің 2 балам тәрбиеленеді. Тек сәттілік тілеймін ұжымға, жұмыстарын еңбектері жана берсін Осылайша ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы балалардың отанға деген сүйіспеншілігі қалыптасып келеді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant