Suivant

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

31/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. Себебі, жастардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру – бүгінгі өзекті мәселеге айналып отыр. Бағдарламаны іске асыру тетіктері мен перспективасы №144 орта мектепте өткен облыстық форумда талқыланды. Тәрбие түзелуі үшін ұлтқа қызмет ететін ұстаздың жаны да, ары да таза болуы керек. Мектеп директорлары, орынбасарлары алдымен өзін басшы ретінде емес, ұстаз ретінде ұстауы қажет. Осы ретте «Ұстаз мектепте ғана ұстаз» деген ұстанымның қате екенін ұғынатын уақыт жетті. Киім киісі, жүріс-тұрысы, сөйлер сөзінен мәдениеттің лебі есіп тұрғанда ғана ұстаздың мерейі тасып, мәртебесі асқақтай береді. Сонда бұл тек шәкіртке ғана емес, тұтас қоғамға берілетін сабақ болмақ. Бір сөзбен айтқанда ұстаз өмірде де ұстаздық болмысымен бағалы. Біртұтас тәрбие бағдарламасын талқыға салған форумның мақсаты осы. Ерекшелігі мұнда мектеп мұғалімдері ғана емес, басшылық құрам білгенімен бөлісіп, тәжірибесін таратуда. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен ұрпақтың танымы терең, адами қасиеттері жоғары болмақ. Ұлттық ойындарды насихаттап, оқушыларға тәрбиенің тың тәсілдерін түсіндіру қызықты әрі ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтпақ. Бұл тұста ата-ананың да мектеппен байланысы тәрбиенің тұтастығына әсер етеді. Форум қатысушыларына даналық мектебі таныстырылып, ата-аналар бірлескен жұмыс нәтижесін айтып берді. Форумда «Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы» айдарымен танымдық көрме таныстырылып, тәрбие бағыттары бойынша «Оқуға құштар мектеп», «Мектеп театры», «Балалар кітапханасы», «Еңбегі адал жас өрен» жобалары бойынша жұмыстар көрсетілді. Қорытынды жиында басқарма басшысы білім саласындағы кемшіліктерді сөз етіп, саланы ілгерілету бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды. Мұнан соң форумда іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтар марапатталып, құрмет төрінен көрінді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant