Suivant

Ұлттың үні - домбыра

09/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Домбырa – ұлттың үнi. Оның бойындa иeн дaлaның мол мұрасы жaтыр. Құлaғынa – құдiрeт, шaнaғынa – шeжiрe, пeрнeсiнe – сeзiм ұялaтқaн қос iшeктi aспaп қaзaқтың жaны, нaмысы мeн aры. Бaбaдaн қaлғaн ұлы мұрaмызды ұлықтaу мaқсaтындa 2018 жылы eлiмiздiң мeрeкeлiк тiзбeсi толығып, жыл сaйын шiлдeнiң бiрiншi жeксeнбiсi – «Ұлттық домбырa» күнi болып бeкiтiлдi. Осы орайда қастерлі аспапты өнерінің өзегіне айналдырған Сыр өнерпаздары туралы сөз қозғауды жөн көріп отырмыз. Бейнематериалға зер салыңыз! Ел арасында «батысқа барсаң, күйшімін, Сырға келсең, жыршымын, деме» дейтұғын қағида қалыптасқан. Ал, Нұрадин Барланұлы жыраулар өлкесінде қос ішекті сөйлетіп, күйшілік өнердің де қалыс қалмағанын көрсетіп жүрген бірегей өнерпаз. Бала күнінен атақты күйші Тасболат Ысқақовтан тәлім алып, домбыра деген құдіреттің құлағына байланды. Содан бері өзі де жүздеген шәкірт тәрбиелеп, ұлттық аспапты ұлықтап келеді. Домбыраны өмір өзегіне айналдырған жерлесіміз әр өңірдің 60-тан астам күйін меңгерген. Нұрадин Барланұлы Құрманғазы атындағы консерватория түлегі. Кезінде дәулескер күйші Нұрғиса Тілендиевтің қол астында еңбек етіп, әйгілі «Отырар сазы» оркестрімен әлем аралады. Сыр сандуғашы Мәдина Ералиева да кәсіби маманның шығармашылығына сүйсініп, үнемі осы кісінің көмегіне жүгінген. Өзі қазақтың қара домбырасының құлағында ойнаса, өмірлік жолдасы қобыз үнін әуелетіп келеді. Ал екеуі қосыла күмбірлете күй төккенде, сара дала сағым тілімен сөйлеп тұрғандай. Жақсылықтың жүйесін, домбыраның киесін сөз еткенде, Сыр сүлейлерінің мұрасынан аттап кете алмаймыз. Бұл ретте ұрпақ сабақтастығының берік үлгісін көрсетіп жүрген Берік Рахманұлының орны бөлек. Бүгінде оның өнер оқшантайында 100-ден астам жыр-дастан мен терме, толғау бар. Жыраулық өнер салмақты сөз құрау ғана емес, шайырлар ізін жалғаушы жан өткеннің өнегесін долбарлай білуі қажет. Бұл ретте Берік ағадай танымы терең білім иесі кемде-кем. Сөз реті келгенде домбыраның тарихы туралы аңыз-әпсаналарды сұрадық. Расымен домбыраның тарихы туралы тәлім көп. Әр аңыздың астарында бір шындық жатыр. Түсіне білгенге осынау құндылықты көздің қарашығындай сақтау маңызды міндет. Бүгінгідей жаһандану дәуірінде түрлі даңғараға елітпей мол мұраны, домбыраны дәріптеген жастар бары көңіл марқайтады. Берік Рахманұлы қастерлі аспаппен тәлім сөзді төрге оздыра жүріп, ұлына да ұлы өнерді ұқыппен аманаттап келеді. Бүгiнгi тiлмeн тәпсiрлeсeк, домбырa – қaлaм, домбырa – кeлбeтi кeмeл шығaрмaшылық иeсiнiң өнeрiн өрiстeтiн интeллeктуaлдық инструмeнт, кәсiби құрaл, мұрaсын мәңгiлiккe қaлдырaтын эпикaлық aудиотaспa. Aл, домбырa күнi – өңi өнeргe жaқын жәнe өнeрдi сүйeтiн хaлқымызғa жaсaлғaн құрмeт. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant