ҰЛУ - ЖАЙЛЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

29/12/23
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Шығыс жылнамасына сәйкес есігімізден енгелі тұрған жыл иесі – ұлу. Халық арасында ұлу жылы өте жайлы, жақсы жыл болады деген сенім бар. Бейбіт өмірді сүйетін, жаны тыныштықты қалайтын, ақылды да зерек адамдар осы жылы туады деседі. Жыл иесінің тағы қандай ерекшеліктері бар екен? ЖӘНИЯ ТӨРЕБЕКОВА – ТІЛШІ //Зоолог ғалымдар жануарлар дүниесін омыртқасыздар және омыртқалылар деп үлкен 2 топқа бөледі. Ұлу – омыртқасыз жануарлар тобына жатады. Бұл жәндіктің жер жүзінде 130 мыңдай түрі бар екен. Көбі сулы ортада мекен етеді. Сондықтан түркі жұрты бұл жылы құрғақшылық қашық, аста төк астық болады деп жорамалдаған. Бір сөзбен, ұлу жайбарақат жәндік. Ештеңемен қақ-соғы жоқ. Бұл жылы туған адамдардың да бойынан осы қасиет табылады, дейді мамандар. Ұлу бір минуттың ішінде 7 сантиметр қашықтықты жүріп өтеді. Жүрісі баяу болғанымен жұмысы шалт, өз салмағынан 10 есе ауыр затты тасымалдай алады. Өзі түймедей болғанымен етінің ақуыз мөлшері тауық жұмыртқасынан бірнеше есе жоғары. ЖӘНИЯ ТӨРЕБЕКОВА – ТІЛШІ Тарихқа көз жүгіртсек, ұлу жылы талай елеулі оқиғалар болды. Мәселен, ғасыр басында Семей полигонындағы соңғы ядролық сынақ алаңы жойылды. Дәл сол 2000-шы жылы еліміздің ұлттық қоры құрылып, болашақтың капиталы қалыптаса бастады. Сидней төріндегі жаһандық бәсекеде алғаш рет 3 алтын иелендік. Жалпы салыстырмалы түрде Ұлу жылы жақсылығы көп жылдар қатарында, дейді қала тұрғындары. Ал, өтіп бара жатқан жыл несімен есте қалмақ? «Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп» демекші, осы жылға көп рахмет айтамын. Өзімнің құндылықтарыммен, ерекше қасиеттеріммен танысып, өзімді адам ретінде шыңдап, өмірде орын табуыма өте көп үлес қосқан жыл болды. " "Менің отбасым үшін өте қуанышты жыл болды. Ұмытылмастай ерекшеліктері көп. Ұлымыз оқу бітіріп келді. Қызымыз оқуға түсті Астанаға." "Биылғы жыл енді елімізге құт-береке әкелген жыл болды. 2023 жақсы естеліктерімен есте қалды. Қызылордамыз көркейді. Көптеген құрылыс нысандары салынды, «Анаға тағзым» және «Неке сарайы». Сабағымызды да жақсы бітірдік. "Осы 2023те өзімнің көптеген жетістіктеріме жеттім. Армандаған телефон да алдым. Мопедті де алдым. " "2023 жыл мен үшін біраз жағынан өзгеріс әкелді деп айта аламын. Жұмыс таптым, жұмыстан бөлек оқу жағынан да жаңа орта, жаңа дос таптым. Және де өзіме не керек екенін білдім." Ал, Ұлу жылының және бір ерекшелігі, барлық уақытта кібісе жылдармен тура келеді. Яғни, төрт жылда бір рет қайталанатын басы артық бір күн бар. Ол күн 2024 жылдың ақпан айының үлесіне тиді. Осылайша әлем жұрты бұл жылы 366 күн тіршілік кешпек. Не десек те қуанышы көп, қасіреті жоқ жыл боларына сенім мол! Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par