Ұрпақ қамы үшін
Жаңақорғанда оқушылар үйі мен өнер мектебі салынып жатыр. Балаларды әлеуметтік, материалдық қолдаудан бөлек, олардың шығармашылық дамуына да аса көңіл бөлініп отыр. Өскелең ұрпаққа жасалып жатқан ізгі істердің бір парасын тілшіміз Елдос Асан тарқатып айтады. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен дұрыс тәрбие беру, олардың бойына ізгі құндылықтарды сіңіру - бәсекеге қабілетті, өркениетті ел болудың кепілі. Бұл ретте Жаңақорған ауданында балалардың лайықты білім алуына барынша жағдай жасалуда. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жаңақорған кентінде 600 орындық, Жаңарық ауылында 300 орындық жайлы мектептің құрылысы жүріп жатыр. Ал, облыстық бюджет есебінен Байкенже ауылында 150 орындық білім ошағы бой көтеруде. Бұл жұмыстар жаңа оқу жылына дейін аяқталып, оқушылардың игілігіне беріледі деп күтілуде. Балалардың мектептен тыс уақытын тиімді пайдалану мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. БЕКБОЛАТ ШӘРІПБЕКОВ – АУДАН ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ // Балалардың мектептен тыс уақытында тимді пайдалану мақсатында 250 орындық оқушылар үй мен 50 орындық өнер мектебі құрылысы жүргізілуде. Биылдан бастап өңірдің барлық елді мекенінде мәдениет үйлерінде жастар мен жасөспірімдерді отаншылыдыққа және мемлекетшілдікке, патриоттыққа тәрбиелеуде түрлі бақытта үйірмелер бар. Адал адам орталықтары құрылып жұмыс жасауда. // Балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалып жатқының нәтижесінде ауданда шығармашылыққа бейім өрендер көп. Солардың бірі халықаралық ән байқауының жеңімпазы Раяна Балтабай. РАЯНА БАЛТАБАЙ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ // Түркияда өлең айту барысында қобалжу болмады. Бізде ата-ананың сенімін ақтау, апайымыздың сенімін ақтау деген ой болды. Солай біз өлеңімізді жақсы айтып, бас жүлде иегері атандық. "Бұлбұл" әнін берді апайым. Айтып көр деп. Солай мен ол әнді жарты айдай үйрендім. Таза нәтижесін көрсету үшін дайындалдым. Солай мен осындай нәтижелерге жеттім. Аудан орталығында Прайм парк жұмыс істеп тұр. Демалыс орнында балалардың асыр салып ойнауына мүмкіндік бар. Асфальтқа сурет салуға қызығушылығы барларға да жағдай жасалған. Айта кету керек, биыл ауданда 17 500-ге жуық бала тынығу лагерінде демалатын болады. НАРЫМБЕТ ҚОЛЖАНОВ – БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ // Аудан көлемінде міндетті оқу қорынан 590 бала демалады. Оның 50-і кәсіподақ ұйымынан көмек ретінде демалады. Қалғаны Жаңақорған ауданы «Тау самалында» демалады. «Тау самалы» лагері балаларға дайын. Сэстың қортындысы алынған. Тиісті органдардың құжаттарымен түгелдей дұрысталған. Қыркүйек айына дейін 8 ауысым бойынша жұмыс істейтін болады. облыс көлемінде және облыстан тыс аймақтарда 1480 бала демалатын болады. 4080 бала мектеп жанындағы сауықтыу лагерлерде демалады. Бір қуантарлығы, Жаңақорғанда бала болашағы үшін алаңдайтын қайырымды жандар көп. Жанашыр азаматтардың арқасында жуырда көпбалалы отбасы баспаналы болды. 6 бала және 4 немересімен пәтер жалдап келген Фатима Ибадуллаеваға жаңа үйдің кілтін табыстады. ФАТИМА ИБАДУЛЛАЕВА – КӨПБАЛАЛЫ АНА // Бір Алланың арқасы, осы тамға кіріп отырмын. Қуаныштымын. Балаларымның несібесі шығар, 6 баламның. Бәріне рақмет, Алла разы бослын. Атсалысқан азаматтарға да, бауырларға да, ағайындарға да рақметімді айтамын. Бала тәрбиесі - баршаға ортақ. Осы орайда аймағымызда ұрпақ үшін жасалып жатқан игі істер көңіл қуантады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/