Suivant

ҰСТАЗ БАҚЫТЫ

02/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты ұстаздың жаңашыл болуы. Келесі бейнематериалымыз «Үздік педагог» Әсел Пірмағанбетова туралы болмақ. Жаңашыл мұғалім. Креативті ұстаз. Әсел Пірмағанбетова үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбегінің нәтижесінде былтыр республикада «Үздік педагог» атанды. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі шәкірт тәрбиелеуді бала күнінен армандапты. Ал, мамандыққа деген адалдығы өз ұстазына деген сүйіспеншіліктен басталған. ӘСЕЛ ПІРМАҒАНБЕТОВА – «ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2023» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ //Алғашқы сынып жетекшімнің бойындағы адамгершілігі, олардың балаға деген мейірімділігі, ел игілігі үшін жасап жатқан істерінің барлығын, жақсы көріп, өзім жүрегіммен қалап, осы ұстаздық жолға келген болатынмын. 00.13Ұстаздық ұлық емес- ұлы қызмет деп ұлт жазушысы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, осы ұстаздық жолды таңдағанымды мен мақтан етемін. Шәкірт үшін ұстаз барын беріп,барлық мүмкіндіктерін аямау керек. Үштік одақ деп жатады ғой, ұстаз ата-ана, оқушы. Осы үш таған біріккен кезде ғана биік белестерді бағындырамыз. Бұның барлығы ұстаздардың үлесінен шығатын жұмыс деп білемін. Ұстаздың білімі мен беделі шәкірттерінің жетістігінен көрінеді. Әсел Пірмағанбетованың қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға дайындаған оқушылары бірнеше рет жүлдегер атанып, биік белестерден көрініп жүр. АМАНҒАЛИ ЕСІМОВ – С.ТОЛЫБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №3 IT МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Байқауға қатысу бір басқа, байқауға қатысу керек,әртүрлі сабақтар өткізу керек, әртүрлі тапсырмалар бар, осының барлығынан сүрінбей өтті.Сонымен Әселді мақтан тұтамыз. Әсел «Үздік педагог» байқауына қатысқанда республикалық, зерттеуші педагог еді. Санатты тапсырды осы жаз айында, шебер педагог санатына ілікті, алды. Демек бұл Әселдің тек байқауларды көрінеді емес, кәсіби біліктілігінің, педагогикалық тағылымының өте жоғары екендігінің тағы бір дәлелі. «Ұстаз бақыты - келешек тұтқасын ұстар ұрпақтың білімді де білікті болып өсуі,»- дейді Әсел Пірмағанбетова. Ол осы жолда әлі талай бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелейтіні сөзсіз. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant