Suivant

Ұстаздар ұлықталды

07/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Ұстаздар күніне орай «Үздік педагог - 2024» байқауының жеңімпаздарына 150 мың теңгенің сертификаты берілді. Мұнан бөлек саналы ғұмырын ағарту саласына арнаған ардагер ұстаздарға оқу ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі мен Құрмет грамотасы табысталды. Ел болашағы білімді де білікті, интеллектуалдық әлеуеті жоғары, көшбасшы жастардың қолында. Өңірде өскелең ұрпақтың жан жақты білім алуына жағдай жасалуда. Мәселен, қаланың сол жағалауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша заманауи үлгідегі 900 орындық мектеп пайдалануға берілді. Оқушылар сарайы мен теннис орталығы ашылды. «Білімді қолдау қоры» есебінен физика - математика бағытындағы мектеп-интернатының, «Инновациялық шығармашылық» орталығының, 650 орындық жаңа үлгідегі музыкалық колледждің құрылысы жүріп жатыр. НҰРЖАН АХАТОВ, ҚАЛА ӘКІМІ //Биылдың өзінде қалалық білім саласына бағытталған қаржы көлемі 72 млрд. теңгеден асты. Педагогтердің жалақысы өсіп, сарапшы, зерттеуші атанған ұстаздардың қатары көбейді...// Айта кету керек, өткен оқу жылында қаладағы үш мектептің жанынан қосымша ғимарат салынған болатын. Нәтижесінде үш ауысымдық мектеп мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған қала әкімі шәкірт санасына білім нәрін сеуіп жүрген ұлағат иелерін мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті. Марапат мінберінен көрінгендердің бірі - Орал Тыманбаева. Қырық жыл ұстаздық етіп, талай шәкіртті шыңға шығарған педагогке оқу ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі табыс етілді. Мерекелік кеште өнерлі өрендер өнер көрсетіп, ұстаздардың құшағын гүлге, көңілін жырға толтырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant