ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ЕРЛЕРГЕ ҚАРАҒАНДА 26% ТӨМЕН
Қазақстанда әйелдердің жалақысы ерлердікіне қарағанда 26 пайызға төмен. Ауылдағы қыз-келіншектердің экономикалық белсенділігі де көңіл көншітпейді. Бұл деректер Сенат қабырғасында өткен басқосуда айтылды. Жиында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Депутат Ольга Перепечинаның айтуынша, бала күтіміне байланысты қызметтен шет қалып жатқан аналар да көп. Сондықтан компаниялар жанынан балабақша мен арнайы бөлмелер ашуды ұсынды. Ал, кәсіпкерлер қыз-келіншектерге арналған жеңілдетілген несиелерді көбейту керек дейді. Мәулен Әшімбаевтың пікірінше әйелдердің қоғамдағы белсенділігіне дәстүрлі түсініктер мен қасаң қағидалар да кедергі келтіреді. МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Былтыр Президентіміздің тапсырмасымен тиісті заңдарға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтетін маңызды заңнамалық өзгерістер енгізілді. Бұл – Парламент депутаттары, Үкімет және азаматтық сектордың ауқымды әрі үйлесімді жұмысының нәтижесі екені анық. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/