Suivant

Әке жолын таңдаған жолшылар династиясы

24/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қарапайым еңбек адамы жайлы сөз қозғағанда көз алдымызға жолшы келеді. Иә, күре жолдың бойында, кәдімгі өзіміз жиі көріп жүретін, жүздерін күн қақтаған, құрыш білекті, алақандарынан күрек түспейтін жұмысшылар. Осындай азаматтар Шиелі ауданында бар. Жол инфрақұрылымын дамытуға үлес қосып жүрген жолшылар династиясы деуге болады. Еңбекпен еңсе тіктеген Байдәулетовтер отбасы туралы әріптесім Гүлай Ашекова айтып берсін. Тіршіліктің тамыры саналатын жол – ел экономикасын еселеп, халықтың жағдайын жақсартатын тетіктердің бірі. Ал, оның артында қаншама жолшының ерен еңбегі жатыр. Өтеу Байдәулетовтің жол жөндеу саласына қосқан үлесі зор. Қарапайым еңбек адамы қазір құрметті зейнет демалысында. ӨТЕУ БАЙДӘУЛЕТОВ – ЕҢБЕК АРДАГЕРІ «1896 киллометрден 2057 Шымкентпен границада екі ортада қызмет жасадық. Жолды күтіп-баптау, қыстық жұмыстары бар, барлық осы қандай жұмысы бар соның бәрін атқарып отырдық. Ол кезде дәл қазіргідей техника мол емес, аздаған техника, сосын ылғи ямочный ремонт жасағанымызда ручной, қолдың күшімен жұмыс істейтінбіз. Асфальтты қаладан, Шымкенттен алдырып тұратынбыз. Сөйтіп жоспарымызды орындап қызмет жасап жүрдік». Бүгінде Өтеу ақсақалдың ұрпақтары жол құрылысы саласында жұмыс істеп жатыр. Әке жолын қуып, бес ұлы да жолшы мамандығын таңдаған. Шетінен өз ісінің шебері. ҒАЛЫМЖАН БАЙДӘУЛЕТОВ – Ө. БАЙДӘУЛЕТОВТЫҢ ҰЛЫ «Мен бұл мекемеде қарауыл болдым, механизатор болдым, грейдерист болдым, бригадир болдым, қазір осы кезде жол шеберімін. Қазір қарамағымда 25 жұмысшым бар. Бұрынғы кез бен қазіргі кезді салыстыруға болмайд енді. Қазір барлығы жақсы. Техниканың бәрі бар, адам саны жеткілікті. Барлығы әкеміздің үйреткенінің арқасы». ӨТЕУ БАЙДӘУЛЕТОВ – ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Аллаға мың рақметімді айтып отырамын. Қазір өзім зейнет жасында демалып жатырмын, балалардың қасында. 4-5 үй болып қалды қазір. Өздері бөлек-бөлек өмір сүреді. Жұмыстары бар. Немерелерімнің бәрі жақсы оқиды, активист, ән айтады. Үлкені қазір мектепте мұғалім». Ынтымағы жарасқан өнегелі отбасында бәрі де шаруаға мығым. Дастарханынан дәм үзілмейді. ЛӘЗЗАТ АЙТМАҒАНБЕТОВА - Ө.БАЙДӘУЛЕТОВТЫҢ КЕЛІНІ «Осы әулетке келгеніме қазір 28 жыл болды. Құдайға шүкір өсіп-өніп жатырмыз. Мен келгенде осы балалардың бәрі жас, кішкентай еді. Қазір барлығы үйлі-баранды, бала-шағасы бар. Біз де құдайға шүкір ата-әже болып немере көріп жатқан жайымыз бар. Осы жұмыстың арқасында үлгілі отбасы болып, жақсы өмір сүріп жатырмыз. Бұл әулетте жақсы бір үрдіс бар екен. Әр мерекеде отбасы мүшелері бір дастархан басында жиналады. Баланың жақсы болып өсуі, әдепті болып өсуі осындай отбасылық құндылықтардан басталады дейді көпті көрген қария.Ал, атасының ақ батасымен өскен ұрпақтың болашағы жарқын, мерейі үстем болары сөзсіз. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant