Suivant

Әке - отбасы тірегі

18/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Әкелер күніне орай «Анаға тағзым» орталығында «Мен сенің өміріңнің жалғасымын...» атты OPEN TALKS форматында кездесу өтті. Онда отбасындағы, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі жайында орамды ойлар айтылды. Жеті жасында-ақ «жыршы бала» атанған Нөсер Айдосұлының жыр қоржыны өте бай. Қаршадайынан қара домбыраны қолға алып, жыр жақұтымен сусындап келеді. Оқуында озат. Ұлттық өнерді ұстын еткен жеткіншектің әкесі, белгілі жырау Айдос Рахметов. Айтуынша, келешек ұрпақтың кемел болуы отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты. АЙДОС РАХМЕТОВ – ЖЫРАУ, АЙТЫСКЕР АҚЫН //Қоғамда жақсы азамат болып қалыптасуына сол отбасының тәрбиесі өте жақсы болуы керек. Әкенің, ананың тәрбиесі қатар жүріп отырады. Сол кезде бала жақсы бала болып қалыптасады.// Қай қоғамды алып қарасақ та әке – түздің адамы. Отағасы отбасының қамқор һәм қорғаушысы. Дегенмен, оның рөлі отбасын асыраумен ғана шектелмейді. Бала бойындағы мінездің барлығы әкенің тәлімі арқылы дариды. БАҚТИЯР ОСПАНОВ – ДІНТАНУШЫ // Әкенің қадірін-қасиетін білмейтін ұрпақ келе жатыр. Әкені сыйламайтын, әкенің алдынан кесе көлденең өтіп кететін қыздар келе жатыр. сондықтан мұны еске салып қойған дұрыс шығар. Өйткені, бейбіт заман ғой. Кейде шын әкенің керектігін ұмытып қаламыз.// Әкенің орны қашан да бөлек. Еркін форматтағы шараға қатысушылар әке жайлы естеліктерімен бөлісіп, ұлттық тәрбие төңірегінде пайымды пікірлерін ортаға салды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant