Әкенің қас-қабағы – баланың бас сабағы
Биыл елімізде екінші рет әкелер күні аталып өтті. Бұл мереке – отбасы институтын нығайтып, ұрпақ тәрбиесіндегі әке рөлін айшықтауға арналған. Осыған орай, облыс әкімдігінде арнайы жиын өтіп, айтары бар азаматтар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Бала – әкеге қарап бойы түзейді. Әке тәлімін алған адам өмірлік азық жинайды. Бірақ, кейінгі жылдары шаңырағы шайқалып, шаттығы ортайған отбасылар көбейді. Жарына сүйеу, ұл-қызына тіреу болар азаматтар азайды. Есесіне, бала алдында берешегі көп борышкер әкелер саны артып барады. МАҚСҰТБЕК АЙТМАҒАНБЕТ – «ӘКЕЛЕР ОДАҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚБ ТӨРАҒАСЫ //Алимент мәселесі бар. Көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе. Біздің ұсынысымыз мемлекеттік алимет фонтын құру. Өкінішке орай әлі түсінік жоқ бізде. Қолдау жоқ. Бірақ мұны түсіндіре білу керек. Неге? Өйткені, әке-шеші ажырасқаннан кейін бала ақшасыз қалады. Мүмкіндіксіз қалады. Оған кім көмектеседі? «Әкенің қас-қабағы, баланың бас сабағы» деген тәмсіл бар. Жазушы Ұларбек Нұрғалымұлы қазіргі қоғам дәстүрлі тәрбиеден ажырап бардаы деп алаңдайды? Сондықтан, бүгінгі отбасылар дастархан басындағы әңгімеге абай болса дейді. ҰЛАРБЕК НҰРҒАЛЫМҰЛЫ – ЖАЗУШЫ // Бүгінгі уақытта өзіміз куәміз дастарқанда қандай әңгімелер айтылады? Әншіні айтамыз, саясатты сапырамыз. Балалар ойлайтын шығар, қаратүнек, болашағы бұлыңғыр дүниенің арасына бара жатқандай сезім кешетін шығар. Сондықтан қазақтың дастархан басында айтылатын әңгіме маңызды дүние. Сарапшылар сөзінше, бүгінде әке мен бала арасында рухани жақындық жоқ. Материалдық құндылық алға озған. Осы олқылықты жою мақсатында былтыр облыста әкелер кеңесі құрылып, жұмыс жүргізуде. АЙДЫНБЕК ІСКЕНДІРОВ – ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ //Бала бойындағы жаманды қасиеттерін байқаса қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді. «Тегіне тартқан» дейді. Ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені, әкенің балаға қалдырған ең үлкен мұрасы оны жақсы тәрибесі. Ал әке мектебінен өткен бала сол мұраға қиянат жасамаған. Алқалы жиында әке беделін арттыру, отбасы құндылықтарын құнтау жайы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, тәрбие мен түздің жұмысын теңдей ұстап, ұлағатты ұрпақ өсірген азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/