Suivant

Әлем чемпионаты: жерлестеріміз жүлдегер атанды

04/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сыр спортынан сүйінші жаңалық. Мажарстанда өткен кикбоксингтен Әлем чемпионатында жерлестеріміз екі медаль жеңіп алды. 45 келіде Данияр Қалдыбай алтыннан алқа тағып, чемпион атанса, 60 келі салмақта Аслан Болатов қола жүлдегер атанды. Бүгін таңда спортшыларды Сыр жұртшылығы темір жол торабынан думандатып күтіп алды. Жалпы, Будапешт қаласында болған бәсекеге Қызылордадан қос спортшы аттанған болатын. Екеуі де қаладағы №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектебінде жаттығады. Әлем біріншілігінде Данияр Қалдыбай кадеттер арасында К1 бөлімі бойынша сайысқа түссе, Аслан жастардың жекпе-жегіне қатысты. Енді екі спортшы да алдағы Азия біріншілігіне дайындалады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant