Suivant

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ МӨЛШЕРІ ӨСТІ

06/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Елімізде 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мың, ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңге болып бекіді. Ал, айлық есептік көрсеткіш 3692 теңгеге көтерілді. Тиісінше, мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің де барлық түрі өсті, салық пен айыппұлдардың да көлемі артты. Жаңа жылдан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты төленетін зейнетақы мөлшері 9 пайызға артты. Яғни, зейнетақының ең төменгі мөлшері 57 853 теңгені құрайды. Ал, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 7 пайызға өсіп отыр. Елімізде ерлер 63 жасында, ал әйелдер 2028 жылға дейін 61 жасында зейнетке шығады. ЕРТІЛЕУ ЖАЛҒАСБАЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ //1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.// Айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің де мөлшері артты. I топ мүгедегінің жәрдемақысы 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге; II топ мүгедегінің жәрдемақысы 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге; III топ мүгедегінің жәрдемақысы 48 681 теңгеден 52 089 теңге көтерілді. Сонымен қатар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ана, бала асырап алушы, қамқоршы және бірінші топ мүгедегінің күтушісі осы айдан бастап 69 886 теңге жәрдемақы алады. Енді бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыға тоқталсақ. Төрт балаға – 59 183 тг; Бес балаға – 73 988 тг; Алты балаға – 88 793 тг; Жеті балаға – 103 598 тг; Сегіз және одан да көп баласы бар отбасыларға – ай сайын әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде жәрдемақы беріледі. Бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы және сәби 1,5 жасқа толғанға дейін берілетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі де артты. Ал, «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 27 321 теңгені құрайды. «Күміс алқамен» марапатталған аналар 23629 теңге алады. Айта кетейік, бүгінде облыс халқының 49,8 пайызын қыз-келіншектер құрайды. Олардың 17 мыңға жуығы «Алтын» және «Күміс» алқа иегері. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant