Suivant

Әрбір талдың паспорты болуы тиіс

14/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында өңірді көгалдандыру, жасыл желек қорын молайту мәселелері қаралды. Климаты континентті Қызылорда үшін бұл әлбетте, өзекті тақырып. Сая болар жасыл желекті өсіру, оны суару әсте оңай емес. Облыстық қоғамдық кеңестің күн тәртібіне шыққан мәселе қызылордалықтар үшін өте өзекті. Жаз шықса күннен қорғанар пана таппай жүретін жерлестеріміз санаулы күн ішінде курортқа бармай-ақ, шоколад түстес кейіпке еніп үлгеретіні бар. Тал егілмейді емес, егіледі. Бірақ, бір сенбілікте қадалған шыбық оны әрі қарай күтіп ұстамаса көгермесі тағы анық. Қалада балалар игілігіне біраз алаңқай салынды. Бірақ, жаздың шаңқай түсінде сол жерден бір бала көресіз бе? Жоқ! Неге? Өйткені сол алаңқайларға сая болып тұрған жасыл желек жоқ. Қызған асфальтта қай бүлдіршін күнге күйгісі келеді? Былтыр «Жасыл Қызылорда» мекемесі құрылды. Оның мақсаты – қаланы көгалдандыру, канал, арықтарды тазалау, гүлзарларға гүл егу, қураған ағашты кесу, балақтау болып табылады. Бұл еңбек ұжымына бюджеттен қомақты қаражат бөлінді, енді алдағы уақытта жұмысының нәтижесі сұралады Жалпы қоғамдық кеңестің бұл жиыны қалай өтті? Шақырылған жауапты өкілдер толығымен келді ме? Қандай сұрақтарға жауап алынбады? Құзырлы органдарға қандай ұсыныстар жіберілетін болды? Толығырақ – апта соңында эфирге шығатын «Үштаған» АСБ көре аласыздар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant