Suivant

Әуесқой аяқдопшылар ауыспалы кубокты сарапқа салды

28/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Тасбөгет кенті әкімдігі және белсенді жастардың бірлесе ұйымдастыруымен кент әкімдігінің ауыспалы кубогы үшін шағын футболдан қалалық турнир өтті. Дәстүрлі доп додасы биыл бесінші мәрте жалауын көтерді. Тартысты әрі қызықты жарысқа 8 команда қатысты. Олар екі топқа бөлініп, плей-офф кезеңін сарапқа салды. «А» тобында сынға түскен «№257 орта мектеп» ұжымының аяқдопшылары алдымен «Қожамберді» командасымен кездесіп, 3-те 3 есебімен тең түсті. Екінші ойында «Зульфикар» командасын 5-те 0 есебімен жеңді. Ала доп аламанын өткізудегі басты мақсат – жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыра отырып, ауызбіршілікті нығайту. «Б» тобында да ойындар тартысқа толы өтті. Жарыс фавориттерінің бірі болып саналған «№11 мектеп-лицей» командасына тең келер ешкім болмады. Алдымен «Әлім» футболшыларын 10-да 1 есебімен жеңсе, «Мечта» командасын 7-де 3 есебімен тізе бүктірді. Жарыс нәтижесі бойынша, үздік ойын өрнегін «№11 мектеп-лицей» құрама командасы көрсетіп, кент әкімдігінің ауыспалы кубогын иеленді. Сондай-ақ, бірқатар ойыншы «үздік шабуылшы», «үздік ойыншы», «үздік қақпашы» номинацияларымен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant