Әшекей бұйымдар жасаудың шебері
Қазақы стиль трендке айналып келеді. Сол себепті Алтынай Исламованың қолынан шыққан әшекей бұйымдарға қызығушылар көп. Ерекшелігі сол, 10-шы сынып оқушысы көздің жауын алар бұйымдарды бағалы тастардан емес, қарапайым заттардан жасайды. Тау суындай сыңғырлаған күлкісі, күн нұрымен шағылысып, сылдырлаған шолпысы. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі безендірілген әшекей бұйымдар кез келген арудың ажарын айшықтап, сұлулығына сән қосары сөзсіз. «Бұрын тек Наурыз мерекесінде ғана кәдеге асатын ұлттық киім мен әшекейлер қазір күнделікті қолданыста,» - дейді Алтынай Исламова. Бір ерекшелігі ол сырға, шашбау, шолпы, алқа, білезік секілді бұйымдарды күнделікті қолданыстағы тиын, сым және моншақтарды үйлестіре отырып жасайды. Алтынай алдағы уақытта өзінің жеке брендін қалыптастырғысы келеді. АЛТЫНАЙ ИСЛАМОВА, ОҚУШЫ Алғаш көзге оңай болып көрінгенмен көздің майын, еңбек және жалпы уақытты талап етеді. Әр адамның көңілінен шығатын және оны күнделікті немесе жиындарға тағып баратын шолпы, шашбау немесе жалпы бұйымды жасау қиынға соғады Алтынайдың сыныптастары сабаққа күнделікті ұлттық нақышта киініп келеді. Бұл өздерінің қызығушылығы. Қыздар қолданатын әшекей бұйымдардың барлығы жас шебердің қолынан шыққан. «Шолпы – қыздардың бойын тік ұстап, биязы мәнізін қалыптастыруға ықпал етсе, шашбау – бұрымның мықты болуына пайдалы екенін терең ұғындық», - дейді оқушылар. Талғаммен жасалған әшекейлерді мектепішілік домбыра үйірмесіне қатысушылар да жиі тағады. СЫРСҰҢҚАР БАЗАРБАЙҰЛЫ, ҮЙІРМЕ МҮШЕСІ Мектебімізде домбырадан бөлек қобыз, жыр-терме, қазақтың ұлттық музыка өнері жақсы насихатталады. Сонымен қатар қазақша би. Біздің ұлттық нақыштағы киімдерді заманауи стильге сай етіп түрлі кәжекейлер, түрлі қамзолдар шығарылуда. Солардың барлығы біздің мектепте көрініс табады. Сондықтан мен ойлаймын ол бірінші кезекте сән береді, екінші кезекте ұлттық тәрбиені көрсетеді Тілші: Трендтегі әшекейлерді жасау үнемі ізденісті талап етеді. Бұл ретте кейіпкеріміздің қолөнер бұйымдары бір-бірінен қайталанбас үлгісімен ерекшеленеді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/