ӨГЕЙ АНА ТУҒАНЫНДАЙ БОЛА МА?
Байқоңырда прокурор, полицейлер мен мектеп психологтары «Бақытты балалық шақ» профилактикалық іс-шарасы аясында рейдке шықты. Тұрмысы төмен, толық емес жанұяда немесе өгей ана,әкемен тұрып жатқан жасөспірімдердің мекен-жайын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Негізі барлығы жақсы. Қазіргі таңда азаннан кешке дейін мектептемін. Үйде онша көп болмаймын негізі. Сондай. Ағылшын тілі пәнінің мұғалім болуға дайындалып жатырмын». 17 жастағы Перизат пен оның бауыры ата-анасынан ерте айырылған. Қазір екеуі аға-жеңгесінің қамқорлығында. РАЗИЯ БАЛМУРЗИНА - АҚАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Енді мына 75 жылғы баламның екі қызы. Соларды тәрбиелеп жатырмыз. Келініме опекунствоға алып бердім. Келінім жақсы қарайды. Өзінің туған баласындай тәрбиелеп жатыр. Сабағы да жаман емес. Біреуі 11 бітіреді, екінші колледжде оқып жатыр». Құзырлы орган өкілдері бесінші сыныпта оқитын Ержігіттің де жағдайын білмек болды. Әжесінің айтуынша, бала өгей анасына әбден бауыр басқан. ШОЛПАН ӘЛИЕВА - АҚАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Мама, мама деп мына Динараға өліп-өшеді. Бір нәрсе алып келсе мама деп соған апарып береді. Сөздің шындығы. Құдайға шүкір жақсы балалар. Оқуын оқытып жатырмыз, қарап жатырмыз. Қазір сабақта. Ал Қазына Дұрысбергенова осыдан жеті жыл бұрын жеті айлық қызымен екінші рет тұрмыс құрған. Қазір қызы екінші сыныпта оқиды ҚАЗЫНА ДҰРЫСБЕРГЕНОВА – АҚАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Балаға келгенде өзіміз баста үйленерде екі ортада келісіммен өзінің қалауымен ол кісі 37-де мен 27-де тұрмыс құрдық қой. Ол кісі баланың қадірін білген соң осылай өмір сүріп жатырмыз. Бұл жерде өгейлік, екінші әкелік деген ұғым жоқ өзіміздің отбасымызда. ЭЛЬМИРА МЕДЕУОВА - ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ «Жалпы біздің тексеруіміздің нәтижесінде біз зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің, өгей әке-шешеен тұрса да ондай белгілерді көрмедік. Олардың тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларын да саралай келе ондай фактілерлі көре алмадық. Зорлық-зомбылықтың ең бірінші себебі мына әке мен ананың қарым-қатынасынан туындайды деп айтқым келеді. Егер отбасында қарым-қатынас жақсы болса, балаға жеке тұлға ретінде қарайтын болса қалыпты тұлға болып қалыптасады деп айта аламын». «Мұндай іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат - жетім және ата-ана қамқорлығынан ерте айырылған балалар зорлық-зомбылықтың құрбаны болмаса екен» дейді мамандар. Бүгінде Байқоңыр қаласы мен Ақай ауылдық округі және Төретам кентінде 107 бала өгей ата-анамен тұрып жатыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/