«ӨРЛЕУ-ҚЫЗЫЛОРДА»:МЕКТЕПТЕРДІ БАСҚАРУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР
Жалағашта «Басқару қызметін модельдеу» тақырыбында әдістемелік тәжірибелік семинар болды. «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы мен әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейі мен ұйымдастыруымен өткен жиынға 50-ге жуық аймақ педагогтары қатысты. Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейде 900-ден астам бала оқиды. Жаңашылдыққа ұмтылған ұжым білім жүйесіне роботтарды қолдану тәсілдерін меңгеріп жатыр. Осы орайда семинарға қатысушыларға екі робот таныстырылды. Біріншісі, жасанды интеллектке негізделген. Екіншісі, арнайы пульт арқылы басқарылатын ақылды ит. АСЫЛБЕК МАҚАШЕВ – С.ӘЛЖІКОВ АТЫНДАҒЫ №144 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ біздің өңірде бұрын соңды болмаған роботтарды әкеліпті,оның бәрімен таныстық. 250 млн-ға «Қазақстан халқына» қорынан қаржыландырылған екен. Сол қордың ақшасынан 28 оқу кабинетін, шеберханаларды, спорт залдарды жабдықтаған. Бұған дейін осындай жұмыстарды көріп, тәжірибе алмасу үшін Астанаға баратынбыз,шыны керек. Қазір енді, өзіміздің облысымызда,оның ішінде ауданда, осындай жұмыс көріп жатырмыз. ҰЛТАЙ ЕШІМОВА – ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ Бүгінгі іс-шара жалпы мұғалімдерді курстан кейінгі қолдау, кәсіби біліктілігін жетілдіру өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған болатын. Жыл сайын ұйымдастырылады, биылғы жылы үлкен облыстық семинар бірінші Жаңақорған ауданында өткен болатын, оның екіншісі оқу жылының екінші жарты жылдығында осы жерде өтіп жатыр. Семинарға қатысушылар мектептегі үйірмелердің жұмысымен танысып, көрмені тамашалады. Шеберлік сабағына қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/