Suivant

«ӨҢІРЛІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ» ІРІКТЕУДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СҰХБАТ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

22/08/24
Dans Asie / Kazakhstan

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұйымдастырылған Өңірлік кадр резервінің «Құрылымдық сұхбат» кезеңі аяқталды. Аталған резервтің мақсаты – өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарта отырып, өңірде жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылардың тобын қалыптастыру. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және облысы әкімдігімен бірлесіп өткізілген іс-шараға облыс әкімі, комиссия төрағасы Серік Шәпкенов қатысып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.Сұхбатқа қатысқан үміткерлер өздері таңдаған салалық бағыттары бойынша, атап айтқанда экономика және қаржы, индустрия және өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, әлеуметтік салалар бағытында жоба қорғап, комиссия мүшелері тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Айта кету қажет, 1 наурыздан бастау алған іріктеуге Атырау облысынан 497 адам өтініш білдіріп, бұдан әрі іріктеу кезеңдеріне жіберілген болатын.Өз кезегінде, Ассессорлармен «Құзыреттерді бағалау» кезеңінен 38 үміткер оң нәтиже көрсетіп, сұхбат кезеңіне жіберілген.Аталған іріктеу сатысы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында өткізілді.Сондай-ақ, іріктеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында кандидаттармен сұхбаттасу кезеңінде қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әр түрлі салалар бойынша сарапшылар қатысты.

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant